ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР, ОҚУШЫЛАР!

 

Семей қаласының жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі дарынды балаларды анықтау және қолдау, білімді дәріптеу мен оқушылардың математикалық дағдыларын дамыту мақсатында облысымыздың 5-6 сынып оқушыларына арналған Қ.Н. Нұрсұлтанов атындағы математика пәнінен IIX облыстық олимпиадасын (бұдан әрі Олимпиада) өткізеді.

         Олимпиада үш кезеңнен тұрады.

·         Бірінші кезең – мектепішілік кезең, 12.12.2025

·         Екінші кезең – аудандық кезең, ақпан айында (сәйкес білім бөлімдері өткізеді).

·         Үшінші кезең – ақтық кезең, Семей қаласындағы НЗМ ғимаратында 2026 жылдың сәуір-мамыр айында

Бірінші, екінші кезең тапсырмаларын Назарбаев Зияткерлік мектебі дайындап,  олимпиаданы ұйымдастырушы мектептерге таратады. Алдыңғы жылғы тапсырмалар semeymath.kz сайтында жарияланған.

Олимпиада тест және ашық тест тапсырмалардан тұрады.

         Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.