2021 жылдың 9-ақпанында Семей қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен математика мұғалімдерінің «Қ.Н.Нұрсұлтанов оқулары» атты ІІІ республикалық ғылыми-практикалық конференциясының өтетінін хабарлайды.
Конференция төмендегідей секциялардан тұрады:
1-секция: Математика мұғалімінің іс-әрекеттегі зерттеуі: перспективалары мен проблемалары.
2-секция: Өңірлік ғалым-математиктердің еңбегін оқу процесі арқылы насихаттау.
3-секция: Қашықтықтан оқытудың мүмкіндіктері мен сын-қатерлері.
Конференцияға қатысу шарттары:
Конференцияға мектеп, колледж және жоғарғы оқу орындарының математика пәні мұғалімдері мен математика мамандығының жоғарғы курс студенттері қатыса алады.
Жекелеме және жұптық (2 автор) жұмыстар қабылданады.
Конференцияға тыңдаушы немесе баяндамашы ретінде қатысу үшін 2021 жылдың 10-қаңтарына дейін (10.01.2021) semeymath.kz сайтында тіркелу қажет. Қатысу тегін.
Ең үздік және ең өзекті деп танылған жұмыстар комиссия мүшелері тарапынан бағалау критерийлері бойынша баяндама жасауға таңдалып алынады
Баяндама жасаған авторлар сертификат және естелік сыйлықпен марапатталады.
Ескерту:
«COVID-19» эпидемиологиялық жағдайы тұрақтанмаса, конференция online түрде өткізілетін болады. Сол себепті semeymath.kz сайтына конференцияға тіркелу кезінде электронды адресті толтыруда мұқият болыңыз.
ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫС: